Словакияда Әз Наурыз тойланды

Словакияда Әз Наурыз тойланды

НИТРА, 20 наурыз 2024 ж. – Нитра қаласындағы Пәлсапашы Константин атындағы университеттің сахнасында Словакиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің жәрдемімен қазақстандық студенттердің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті. Қазақстандық студенттер университет басшылығы мен студенттерінің алдында өз өнерлерін көрсетті.  Қойылымдар бағдарламасында этноауыл мен киіз үйдің көрсетілімі, би мен ән, ұлттық киімдердің көрмесі, қазақтың күйлерін шебер орындау, «Шашу» салтанатты рәсімі, дәстүрлі ойындар мен бай дастархан ұсынылды.