Халықаралық «Қос елдің қыран тұлғасы» байқауы туралы

Халықаралық «Қос елдің қыран тұлғасы» байқауы туралы

2023 жылы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы Рахметолла Райымқұловтың туғанына 110 жыл толуына орай бірқатар іс-шаралар өткізілетінін хабарлаймыз.

Атап айтқанда, Р.Райымқұловтың ұрпақтары «Отандастар» қорымен бірлесіп 2023 ж. ақпан-мамыр айлары аралығында жазушының шығармашылығын насихаттауға бағытталған кіші прозалық формада (әңгіме, новелла, т.б.) жазатын 35 жасқа дейінгі қазақ тілді қаламгерлер арасында халықаралық «Қос елдің қыран тұлғасы» байқауын өткізбек (байқау ережелері қоса беріледі).

Анықтама ретінде: Р.Райымқұлов – XX ғасырдың басы мен орта тұсында қазақ даласының оңтүстік өңірінде орын алған халық өміріндегі оқиғаларды көркем де шынайы шығармаларға айналдырып, тарихи жадымыздың кеңеюі мен рухани мұраларымыздың ұлғаюына орасан зор үлес қосқан қаламгер.

Аталған байқаудың негізгі мақсаты шет елдердегі қазақ тілінде жазатын талапты да талантты жастарды, қандастарымызды ынталандыру және қолдау болып табылады. Байқау материалдары мына электронды поштаға жіберілуі керек: r.raimkulov.baikau@gmail.com.