Қазақстан мен Словакия арасындағы орман шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын нығайту

Қазақстан мен Словакия арасындағы орман шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын нығайту

ЗВОЛЕН, 2021 жылғы 21 қыркүйек – Қазақстан мен Словакия арасындағы ғылыми-зерттеу және білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту аясында Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенко Зволендегі Техникалық университетінің ректоры (ТУЗВО) Рудольф Кропилмен кездесті.

Кездесу барысында елші екі ел арасындағы ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың үлкен әлеуеті бар екенін және елшіліктің бұл бағытта тұрақты жұмыс жасап жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, елдеріміз арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі өткен жылы Словак Ғылым Академиясы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы арасында ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды ұйымдастырды.

Р. Кропил сұхбаттасқа ризашылығын білдіре отырып, орман және ағаш өңдеу саласындағы қазақстандық ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерімен ынтымақтастық орнату туралы ұсынысты атап өтті. Словакия университетінің 200 жылдан астам тарихын ескере отырып (1808 жылы Банска-Штявницадағы тау-кен академиясында орман шаруашылығы факультетінің құрылуынан бастау алады), тәжірибе алмасу мен ынтымақтастық туралы мәселе екі тараптың осы салалардағы екі елдің ғылыми-зерттеу және білім беру саласының дамуына септігін тигізетіні атап өтілді.

Сұхбаттасушылар бірлескен ғылыми жобалар ЕО-ның Орталық Азия стратегиясы аясында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ пен оған мүше мемлекеттер арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ескере отырып, екіжақты ғылыми байланыстардың барлық спектрін одан әрі жандандыруға жағдай жасайтынын атап өтті.

Кездесуге ректордан басқа университеттің орман шаруашылығы факультетінің ғылым докторы Тибор Лебоцки қатысты.