Қазақстан мен Словакияның күн тәртібінде: сауда-инвестициялық ынтымақтастықты және дамуға көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайту

Қазақстан мен Словакияның күн тәртібінде: сауда-инвестициялық ынтымақтастықты және дамуға көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайту

БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 14 қыркүйек – Қазақстан мен Словакия арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары бүгін ҚР Елшісі Роман Василенко мен СР Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Экономика және даму саласындағы ынтымақтастық бойынша секцияның жаңа бас директоры Люция Кишшпен өткен кездесуде талқыланды.

Тараптар пандемияға қарамастан екіжақты сауда айналымының көлемі оң динамиканы көрсетіп отырғанын және 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 62%-ға (қазақстандық статистика бойынша 69 млн. долларға дейін), ал 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% -ға (37 млн. долларға дейін) өскенін атап өтті.

Сұхбаттасушылар экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге болатын нақты жобалар мен өзара іс-қимыл бағыттарын бірлесіп анықтауға қызығушылық танытты. Екі елдің кәсіпкерлері өзара қызығушылық танытатын бағыттардың ішінде қорғаныс өнеркәсібі, машина жасау, ІТ, қалдықтарды өңдеу және фармацевтика сияқты бағыттарды атап кетті. Бұл бағыттар бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп, келесі жылдың бірінші тоқсанында Братиславада жоспарланған Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның шеңберінде белсенді түрде жалғасатын болады. Сонымен қатар, Қазақстанда қазірдің өзінде словакиялық қатысуы бар 30-ға жуық компания жұмыс істейді. Жақын арада бұл тізім ұсынылған салалар бойынша кеңейтіледі және әртараптандырылады деп күтілуде.

Р. Василенко елдер арасында баламалы және жаңартылатын энергия көздері мен «жасыл» экономиканы пайдалану бойынша тәжірибе мен технологиялар алмасудың үлкен әлеуеті бар екенін, осыған байланысты Қазақстан бастамашылық ететін «Жасыл көпір» Серіктестік Бағдарламасы аясындағы өзара әрекеттестік қызығушылық тудыруы мүмкін екендігін атап өтті. Бұл тұрғыда сұхбаттасушылар су және орман шаруашылығы, сондай-ақ туризм саласындағы бұрын жасалған ынтымақтастық туралы меморандумдардың сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің ең маңызды тақырыбы Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуі мен көршілес мемлекеттерге ықпалы жағдайында ерекше өзектілікке ие болып отырған ресми дамытуға көмек (ОАҚ) саласындағы ынтымақтастықты дамыту болды. Осындай ынтымақтастық екі мемлекеттің мүддесіне де, Қазақстан мен Словакия басшылығының жуырда берілген саяси нұсқауларына да жауап беретіні атап өтілді.

Жылы атмосферада өткен кездесудің соңында тараптар ынтымақтастық жалғастыруға және нығайтуға келісті.