БРАТИСЛАВА − 2021 жығы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Словакиядағы Елшілігінде салтанатты түрде Қазақстан азаматы Семен Ферхо мен Украина азаматы Катерина Мучичка арасындағы неке тіркеу рәсімі өтті. Бұл 2019 жылы дипломатиялық миссиядан Қазақстанның Словакиядағы толыққанды Елшілігіне түрлендірілгеннен кейінгі тіркелген алғашқы неке.
Осындай ерекше мереке мен ерлі-зайыптылардың өміріндегі маңызды оқиғаға орай, жас жұбайларға неке қию туралы куәлікті Қазақстанның Словакиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Роман Василенко табыстап, жастарға үлкен отбасылық бақыт, түсіністік, өзара сүйіспеншілік және қазіргі қиын кезеңде барлығына денсаулық тілектерін айтты. Елшімен әңгімелесу барысында жастар болашақтағы жоспарларымен бөлісе отырып, ең алдымен − жұбайының туған жеріндегі туыстары мен достарына бару екенін айтты.