Словак Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы М. Клус: «Біздің Қазақстанмен қарым-қатынасымыздың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе − оларды қалайша одан әрі нығайтуға болады?»

Словак Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы М. Клус: «Біздің Қазақстанмен қарым-қатынасымыздың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе − оларды қалайша одан әрі нығайтуға болады?»

БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 26 шілде – Бүгін Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрлігінде ҚР-дың Словакиядағы Елшісі Роман Василенконың кездесу барысында «екіжақты қарым-қатынасымыздың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе − оларды қалайша одан әрі нығайтуға болады?» деп атап өткен министрліктің Мемлекеттік хатшысы Мартин Клуспен кездесті.

Осы тұрғыда, кездесудің басты тақырыбы – Қазақстанның Словак Республикасымен және Еуропалық Одақпен екіжақты және көпжақты форматтағы өзара тиімді қатынастардың одан әрі дамыту болашағы болды. М. Клустың риторикалық сұрағына жауап бере отырып, елші Қазақстан «Словакияны Орталық және Шығыс Еуропа мен Еуропалық Одақтағы перспективалы саяси және экономикалық серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын» және өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты кеңейтуге бағыт ұстанып отырғанын баса айтты.

Осыған байланысты, сұхбаттасушылар 2020 жылы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Словакияға сапарынан кейінгі келісімдерді іске асыру барысын, сондай-ақ СР-дың Сыртқы және еуропалық істер министрі Иван Корчоктың Қазақстанға жауап сапарын және басқа да жоғары деңгейде байланыстарды ұйымдастыру жоспарын қарастырды.  Сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға, Словакия аймақтарында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдықтарын ашуға, дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастыққа, ЕО-Қазақстан форматындағы өзара іс-қимылға, ЕО-ның Орталық Азияға арналған стратегиясы және Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ, БҰҰ алаңындағы қызметті өзара қолдау сияқты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылықты айта кете, Р. Василенко мен М. Клус азаматтардың іскерлік және туристік мақсаттардағы өзара сапарларын уақтылы және жауапты түрде қайта бастаудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, кездесуге қатысушылар екі ел үкіметтерінің пандемияға қарсы іс-қимыл шараларын талқылады. М. Клус Словакия қолданатын пандемияға қарсы шаралар туралы айтып, Словакияға кіретін шетел мемлекеттерінің азаматтары осы ұйым бекіткен әр вакцинаға арналған ДДСҰ хаттамаларына сәйкес вакцинациялануы керек екенін атап өтті. Сонымен қатар, үшінші ел азаматтарының ЕО елдеріне келу мәселесі осы елдердегі эпидемиологиялық ахуал негізінде жалпыеуропалық деңгейде орталықтандырылған түрде шешілетіні атап өтілді.

Өз тарапынан Р. Василенко әріптесін Қазақстандағы пандемиямен күрестің жағдайы, азаматтарды вакцинациялау барысы және қазақстандық ғалымдардың дамуы – «QazVac» вакцинасы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Осыған байланысты дипломаттар вакцинация сертификаттарын/төлқұжаттарын өзара тануға қол жеткізудің келесі қадамдарын талқылады. Сонымен бірге, Словакияның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы немесе Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі мақұлдаған вакциналармен вакцинациялау сертификаттарын мойындайтындығын, сондықтан QazVac вакцинасын ДДҰ мақұлдағаннан кейін Словакия тарапынан танылуына ешқандай кедергі жоқ екендігі атап өтілді.