Словакиялық «Letecké opravovne Trenčín» компаниясы (LOTN) Қазақстанмен ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүдделі

Словакиялық «Letecké opravovne Trenčín» компаниясы (LOTN) Қазақстанмен ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүдделі

ТРЕНЧИН, 2021 жылғы 12 шілде – Словакиядағы жетекші қорғаныс кәсіпорындарының бірі Letecké opravovne Trenčín (LOTN) Қазақстанмен одан әрі ынтымақтастық дамытуға мүдделі. Аталған мәселе 70 жылдан астам уақыт бойы әуе кемелерін жөндеумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын компаниямен ынтымақтастықты дамытудың нақты жолдары Қазақстанның СР-дағы Елшісі Роман Василенконың компания басшылығымен кездесуінде талқыланды.

Тренчинде орналасқан LOTN − Словак Қорғаныс министрлігіне тиесілі және әлемнің түкпір-түкпірінен келген клиенттерге өз қызметтерін ұсынатын стратегиялық компания. Бүгінгі күнге дейін әртүрлі өндірушілерден жүздеген ұшақтар мен тікұшақтарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. LOTN-де жөнделген ұшақтардың негізгі түрлері − L-39 жаттығу ұшағы, L-410 көлік ұшағы және Ми-8/17/171 тікұшақтары.

Авиацияға техникалық қызмет көрсету, модернизациялау және қолдау саласындағы ерекше мүмкіндіктерінің арқасында компания жақында американдық «F-16» истребительдері мен «UH-60M Black Hawk» көп мақсатты көлік тікұшақтарын өндірушінің өндірістік серіктесі ретінде Словак әуе күштері үшін жан-жақты логистикалық қолдау көрсету және осы ұшаққа техникалық қызмет көрсету «Lockheed Martin» компаниясы тағайындалды.

Кәсіпорынға сапар аясында біздің елдегі серіктестермен әрі қарай ынтымақтастық перспективалары Р. Василенконың компанияның директорлар кеңесінің мүшелерімен, атқарушы директор Юрай Лауш пен коммерциялық директор Владимир Шиманскимен кездесу барысында талқыланды.

Кездесуде барысында өткен бірнеше жыл ішінде компания Қазақстанның мамандандырылған ұйымдарымен «L-39» жаттығу ұшақтарын жөндеу мәселесі бойынша жемісті ынтымақтастық атап өтілді. Сұхбаттасушылар мұндай ынтымақтастықты қалпына келтіру және кеңейту перспективаларын талқылап, алғашқы қадамдардың қатарында мамандандырылған компаниялар арасында байланыс орнату, сондай-ақ, LOTN компаниясының келесі жылы Нұр-Сұлтанда жоспарланған «KADEX 2022» көрмесіне қатысу.