Шынайы өзара қызығушылық

Шынайы өзара қызығушылық

БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 21 мамыр − Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенконың болу елінің ең либералды партиясы, «Прогрессивті Словакия» жетекшісі Ирена Бихариовамен кездесуі үлкен қызығушылықпен өтті.

Анықтама: Словакияда 150-ден астам партия тіркелген; 2020 жылы ақпанда өткен парламенттік сайлауға 25 партия қатысып, Ұлттық кеңеске (Парламент) 5 пайыздық тосқауылдан өткен алтауы кірді.

Белгілі заңгер және құқық қорғаушы И. Бихариова 2019 жылы Словакия Президенті Зузанна Чапутова өз қызметіне тағайындалған партияны шамамен бір жылдам астам басқарып келеді. 2020 жылы өткен парламенттік сайлауда партия парламентке өте алмады. Дегенмен, бүгінде, қоғамдық сауалнамаларға сәйкес, партия шамамен 10% -ды дауыс ие болып тұрақты түрде күшеюде.

Кездесу барысында Елші Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының, оның ішінде коронавирус пандемиясымен күрес дәуіріндегі жай-күйі туралы айтты. И. Бихариова, яғни рома өкілі ретінде республикамызда 130-ға жуық ұлт өкілдері тұратын этносаралық және дінаралық келісімді нығайту тәжірибесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы және танымал қазақстандық дипломат Қайрат Әбдрахмановтың ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары ретінде сайлануына қызығушылық танытты.

Сұхбаттасушылар көптеген мәселелерді, әсіресе Словакияда ағымдағы жылғы санақтан күтілетін нәтижелерді талқылады. И. Бихариова «шынайы әлеуметтік либерализм» мақсаттарына жетуге бағытталған нақты бағдарламасы бар партияның идеологиялық платформасы, басымдықтары, қызметі мен жоспарлары туралы айтты.

Сұхбаттасушылар мүдделі диалогты әрі қарай жалғастыруға және байланыстарды дамытуға өзара қызығушылықтарын білдірді.