Словакия соғыс батырларының ерлігін ұмытпауда

Словакия соғыс батырларының ерлігін ұмытпауда

Братислава, 2021 жылғы 9 мамыр – Бүгін Ұлы Жеңіс күніне орай Братиславада Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенко Ресейдің Словакиядағы Елшісі Игорь Братчиковпен, Қытай Халық Республикасының Елшісі Сун Лиджимен, Беларуссияның Уақытша сенімді өкілі Денис Сидоровпен, Елшілік қызметкерлерімен және Словакия Словкак антифашистер одағының жетекшілігімен бірге Кеңес жауынгерлері жерленген, оның ішінде Қазақ жаугерлері бар Славин әскери мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қою рәсіміне қытысты.

Қазақстан Елшісі словак ардагерлері мен фашизмнен азаттық үшін азап шеккендердің рухын еске алуға келген жүздеген адамдар алдында сөйлеген сөзінде: «Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға және елдерімізге бейбітшілік, өркендеу мен амандық тілеймін! Біздің қымбатты словак достарымызға біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігін есте сақтап, құрметтегені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!»

Қызыл Армия қатарында қазақстандық жауынгерлер көптеген майдандарға қатысып, Украинаны, Беларуссияны, Молдованы, Балтық жағалауындағы елдерді, Норвегияны, Шығыс және Батыс Еуропаны азат етуге қатысты.

Осылай, Чехословакия, Польша, Мажарстан, Болгария, Румыния, Австрия, Югославияны азат еткен әскери құрамалардың ішінде: Қазақстандық 72-гвардиялық «Красноградская!, 73-ші Сталинград-Дунай, 27-гвардиялық Новобугская, 150-ші Идритская Берлин, 314-ші Кингисепп атқыштар және т.б. бооды.

Біздің жаунгерлер Словакияны азат етуге қатысты. Осылай, Шығыс Қазақстанда, Семей мен Аягөз қалаларында құрылған 8-жаяу әскер дивизиясы Словакияны, Спишка-Нова-Вес, Спишка-Стара-Вес, Левоча, Ружомберок және т.б қалаларды азат етуге қатысып, Прагаға дейін жетті. Қазақстандық 72-ші гвардиялық дивизиясы Нитра және Братислава өңірлерін азат етті. Словактар мен 30-дан астам басқа ұлт өкілдері иық тірестіріп, оның ішінде қазақстандықтар Словакия ұлттық көтерілісі кезінде ерлікпен шайқасты.

Осыған орай, Қазақстандық дипломат: «миллиондаған адамдар Ұлы Жеңіс күніне жете алмады, олар осы күн үшін соңғы демдеріне дейін күресті. Олар біз үшін, балаларымыз, немерелеріміз және осы дүниеге келіп жатқан ұрпақтарымыз үшін өз өмірлерін қиды».