Қазақстан мен Словакия арасында Білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстан мен Словакия арасында Білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

ТУРКІСТАН-БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 10 ақпан – 10 ақпанда ҚР-дың Словакиядағы Елшілігінің көмегімен Қазақстан Республикасының Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті (ХТҚУ) мен Братиславадағы Словакия Экономикалық Университеті (БАЭУ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға онлайн түрде қол қою рәсімі өтті. Қазақстандық тараптан Меморандумға Басқарма Төрағасы - ХТҚУ ректоры Майнюра Мурзамадиева, ал словак тарапынан - БАЭУ ректоры Фердинанд Данё қол қойды.

Ынтымақтастық туралы меморандумда оқыту, зерттеу және тәжірибе алмасу, тағылымдамадан өту мақсатында дәріс берушілер құрамымен, қызметкерлермен, оқушылармен (студенттер, магистранттар, аспиранттар, докторанттар) алмасу көзделген.

ХТҚУ басшылығы мен қызметкерлерін «жас университет үшін жаңа қадаммен» құттықтай отырып, Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенко «Словакиядағы жетекші университеттердің бірімен қалыптасып келе жатқан ынтымақтастық екі жаққа да қызықты және өзара тиімді болады деген сенімін білдірді. «Өз кезегінде, словакиялық әріптестеріне ынтымақтастыққа дайын екендіктері үшін және көрсеткен көмегі үшін ҚР Елшілігіне алғыс білдіре отырып, М. Мурзамадиева бұл тұрғыда «біздің алдымызда көптеген қызықты және пайдалы жобалар бар. Осындай өзара тиімді ынтымақтастық біздің жас университетіміз үшін де, жалпы білім беру саласындағы қазақстан-словак қатынастары үшін де жаңа парақ ашатынына терең сенемін», − деп атап өтті.

2020 жылы студенттерге өз есігін айқара ашқан Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті − туризм саласында әлемдік деңгейдегі мамандар даярлайтын алғашқы қазақстандық мамандандырылған білім беру мекемесі. Университетте отандық және шетелдік профессорлар, ғылым докторлары, туризм және сервис саласындағы ірі компаниялардың топ-менеджерлері дәріс береді. Университет − Жібек жолының дәл жүрегіндегі Түркістан қаласында орналасқан. Аталған қала 1500 жылдан астам тарихы бар Орталық Азиядағы ең ежелгі қалалардың бірі болып саналады.

Братиславадағы Экономика Университеті (www.euba.sk) жеті факультеті, яғни ұлттық экономика, бизнес, бизнес-информатика, іскерлік әкімшілік, халықаралық қатынастар, қолданбалы тілдер және Кошицеде орналасқан іскери әкімшілігі факультеттері бар, өткен жылы өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өткен жоғары оқу орны.