Словак «Virtual Reality Media» компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық танытуда

Словак «Virtual Reality Media» компаниясы  Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға  қызығушылық танытуда

БРАТИСЛАВА, 2021 жылғы 26 қаңтар – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Роман Василенко бүгін Virtual Reality Media (VRM) компаниясының вице-президенті Павол Грманмен кездесу өткізді. Кездесу барысында компанияның біздің елдегі серіктестермен одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Тренчинде орналасқан VRM − азаматтық және әскери авиация саласы үшін заманауи және жоғары технологиялық тренажерлер жасайтын IT және инжинирингтік компания. Бірнеше жыл бойы компания Қазақстандағы мамандандырылған ұйымдармен тығыз жұмыс істеп, оның ішінде ұшақтарды оқытуға арналған стимуляторларды орнатып, оларға қызмет көрсетті.

Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің көмегімен ұйымдастырылған елшіліктегі кездесуде сұхбаттасушылар 2021 жылы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылап, алғашқы бағыттарды атап өтті. Олардың ішінде технологиялық компаниялар арасында байланыс орнату және VRM-нің жазда Нұр-Сұлтанда жоспарланған KADEX 2020 көрмесіне қатысуы да талқыланды.