Қазақстанның су саласындағы күн тәртібі Словакиямен ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстанның су саласындағы күн тәртібі Словакиямен ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстанның Словакиядағы Елшілігінде Елші Жанна Сағынованың «Water Holistic» компаниясының негізін қалаушы Михал Кравчикпен кездесуі өтті.

М.Кравчик компанияның «Жаңа су парадигмасын» жүзеге асыру бағытындағы қызметімен таныстырып, оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктеріне тоқталды. Елші аталған парадигманың Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық су ұйымын құру арқылы су ресурстары саласындағы жаһандық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі стратегиялық көзқарасымен үндесетінін атап өтті.

Елші компания «Water Holistic» компаниясына Мемлекет басшысының бастамасын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, оның өкілдерінің ү.ж. сәуір айында Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммитке және тамыз айында Ұлан-Батырда өткен БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясы Тараптарының 17-конференциясы (COP-17) аясындағы консультацияларға белсенді қатысқанын атап өтті.  

Тараптар «Water Holistic» компаниясының Қазақстанның бейінді мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау перспективаларын талқылап, Қазақстанның бастамасын ілгерілету бағытында одан әрі ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.

Анықтама: «Water Holistic s.r.o.» жаңбыр суын басқару, аумақтардың су теңгерімін қалпына келтіру, құрғақшылық пен су тасқынының алдын алу, сондай-ақ табиғатқа негізделген шешімдер (nature-based solutions) салаларына маманданған словакиялық экологиялық консалтингтік компания.

Михал Кравчик белгілі словакиялық гидролог және эколог, «Адамдар және су» (People and Water) үкіметтік емес ұйымының негізін қалаушы, «Water Holistic s.r.o.» компаниясының тең құрылтайшысы, 1999 жылғы Goldman Environmental Prize халықаралық экологиялық сыйлығының лауреаты. Ол жаңбыр суын ұстап қалуға, жергілікті су айналымдарын қалпына келтіруге және су ресурстарын орталықсыздандырылған басқаруға негізделген «Жаңа су парадигмасы» тұжырымдамасын әзірлеп, оны ілгерілетумен танымал.