Словакияда білім алып жүрген Қазақстан азаматтарының назарына!
Шетелде білім алып жүрген студенттер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі өз мәртебесін уақтылы тексеруі қажет.
«Сақтандырылған» мәртебесінің болуы Қазақстанда МӘМС аясында медициналық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекет есебінен «Сақтандырылған» мәртебесін алу үшін студенттер eGov.kz электрондық үкімет порталында шетелде оқып жатқандығы туралы мәліметтерді өз бетінше тіркеуі қажет.
Бұл үшін келесіні орындау қажет:
• eGov.kz порталында авторизациядан өту;
• білім беру саласындағы қызметтер бөлімінен шетелде оқитын студенттерді тіркеуге қатысты қызметті таңдау;
• оқуды растайтын қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсыну;
• өтінім өңделгеннен кейін МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесінің бар-жоғын тексеру.
Сұрақтар туындаған жағдайда:
— мемлекеттік қызметтер жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі арқылы;
— Qoldau 24/7 қолдау қызметіне;
— @SaqtandyryBot (telegram) арқылы хабарласуға болады.