Братислава, 2026 жылғы 16 маусым – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Көлік министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Игорь Хомамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар көлік және логистика салаларындағы Қазақстан – Словакия ынтымақтастығын одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады. Халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сұхбат барысында Мемлекеттік хатшы Қазақстанда цифрландыру, байланыс және азаматтық авиация салаларында іске асырылып жатқан бастамалармен танысты. Тараптар Орталық Азия өңіріндегі әуе қатынасын дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Словакия арасында тікелей әуе қатынасын ашу перспективаларын қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға бейілділігін растады.