Қазақстан Елшісі Банска-Быстрицадағы Мемлекеттік ғылыми кітапхананың 100 жылдық мерейтойына қатысты

Қазақстан Елшісі Банска-Быстрицадағы Мемлекеттік ғылыми кітапхананың 100 жылдық мерейтойына қатысты

Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Банска-Быстрица қаласындағы Мемлекеттік ғылыми кітапхананың 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Іс-шара қонақтарының қатарында Словак Республикасының Президенті Петер Пеллегрини, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мәдени ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус мүшелері болды.

Іс-шара барысында Банска-Быстрицадағы Мемлекеттік ғылыми кітапхананың Словакияның ғылымы мен мәдениетін дамытудағы маңызды рөлі атап өтілді. Бір ғасыр бойы кітапхана білім мен ғылымның, зерттеу және ағартушылық қызметтің ірі орталығы ретінде елдің мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға елеулі үлес қосып келеді.

Қазақстан Елшілігі Мемлекеттік ғылыми кітапханамен тығыз әрі нәтижелі ынтымақтастық орнатқан. Соңғы жылдары кітапхана алаңында словак тіліне аударылған қазақ авторларының шығармалары таныстырылып, сондай-ақ Қазақстан мен Словакия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолындағы келесі маңызды қадамдардың бірі – кітапханада Қазақстан бұрышын ашу. Бұл бастама оқырмандар мен келушілерге Қазақстанның бай тарихы мен мәдениетін, әдеби мұрасын және елдің бүгінгі даму жетістіктерін тереңірек танып-білуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Елшілігі Банска-Быстрицадағы Мемлекеттік ғылыми кітапхананың басшылығы мен ұжымын мерейлі 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, кітапхананың игілікті қызметіне толағай табыс, шығармашылық өрлеу және жаңа жетістіктер тілейді.