Қазақстан Елшісі Банска-Быстрица өңіріне барды

Қазақстан Елшісі Банска-Быстрица өңіріне барды

Банска-Быстрица, 2026 жылғы 21 мамыр – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Банска-Быстрица қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Банска-Быстрица өзін-өзі басқару өңірінің төрағасы Ондрей Люнтермен, сондай-ақ Мемлекеттік ғылыми кітапхананың директоры Ольга Докторовамен кездесулер өткізді.  

Өңір басшылығымен өткен келіссөздер барысында екі ел арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Тараптар ү.ж. маусым айында өтетін Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары бастаған делегацияның алдағы сапарына ерекше назар аударды. Сапар аясында кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен бизнес-форум өткізу, сондай-ақ Қазақстан мен Словакияның өңірлік сауда-өнеркәсіп палаталары мен жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған.  

Сұхбаттасушылар сауда-экономикалық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін атап өтті. Екіжақты байланыстарды нығайтуда және серіктестік бастамаларды дамытуда маңызды рөл атқаратын Қазақстанның Құрметті консулдығының қызметі ерекше аталды.  

Мемлекеттік ғылыми кітапхана директорымен кездесуде тараптар жаңа бірлескен жобаларды талқылап, екі ел арасындағы белсенді мәдени диалогты сақтаудың маңыздылығын қуаттады.  

Мемлекеттік ғылыми кітапхананың директорымен өткен кездесуде тараптар жаңа бірлескен жобаларды талқылап, екі ел арасындағы белсенді мәдени диалогты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында бірнеше жыл бұрын кітапхана қабырғасында словак тіліне аударылған қазақ ертегілерінің тұсаукесері өткендігі айтылды. Аталған жоба словак аудиториясының зор қызығушылығын тудырып, Қазақстан мен Словакия арасындағы мәдени алмасудың жарқын үлгілерінің біріне айналды.

Елші кітапхана ұжымын мекеменің 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның ғылымды, білімді және халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

Өз кезегінде Мемлекеттік ғылыми кітапхананың директоры өткен жылы СР Премьер-министрі Р.Фицо бастаған ресми делегация құрамында Астанаға жасаған сапарынан алған әсерлерімен бөлісті. Сапар аясында Қазақстанның Ұлттық музейі мен Ұлттық кітапханасының басшылығымен мазмұнды кездесулер өтіп, олардың қорытындысы бойынша тараптар институционалдық ынтымақтастықты кеңейтуге және өзара іс-қимыл туралы меморандумдарға қол қоюға қызығушылық танытты.

Мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың жаңа қадамы ретінде О.Докторова кітапхана базасында қазақ әдебиетінің тұрақты бұрышын ашу бастамасын ұсынды. Бұл жоба словак оқырмандарына Қазақстанның бай әдеби және мәдени мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік береді деп күтілуде.