
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2026 жылғы 15 наурызда (Братислава уақыты бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі жанындағы №469 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына қатысты республикалық референдум өтеді.
Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сізде республикалық референдумда дауыс беруге құқықтық негіз бар.
Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі жанындағы №469 сайлау учаскесінде дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін, Словак Республикасының аумағындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы төмендегі сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажетілігіне назар аударамыз.
https://forms.gle/ERpcGuM8RrPkkUpC8
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда №469 сайлау учаскесінің келесі телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз: + 421 200 778 007