Словакия СІМ-де Қазақстан мен Словакия арасындағы әріптестіктің басым бағыттары қарастырылды

Словакия СІМ-де Қазақстан мен Словакия арасындағы әріптестіктің басым бағыттары қарастырылды

Братислава, 2025 жылғы 3 желтоқсан – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Марек Эштокпен кездесу өткізді. Республикасының

Әңгіме барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Жоғары және жоғарғы деңгейдегі іссапарларды ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, ү.ж. 10-11 маусымда Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоның Қазақстанға ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы жөнінде пікір алмасылды.

Словакия тарапы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Братиславада саяси консультациялар мен сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.