
Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері Лишов ауылында Қызыл Армия жауынгерлеріне арналған жаңартылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты. Мемориалда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Лишовты азат ету кезінде қаза тапқан 25 сарбаздың есімдері қашалып жазылған. Олардың ішінде қазіргі Қазақстан аумағынан әскерге шақырылған Бойтинов Избас бар.
Рәсімге Лишовтың әкімі, Ресей Федерациясы мен Әзербайжан Республикасы Елшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты. Қатысушылар жаңартылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тарихи жадыны сақтау және қаза тапқан азат етушілердің ерлігіне құрмет көрсету маңыздылығын атап өтті.