Қазақстан мен Словакия цифрлық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуда

Қазақстан мен Словакия цифрлық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашуда

Братислава, 2025 жылғы 4 қараша – Қазақстанның Словакиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Словак Республикасының Инвестициялар, аймақтық даму және информатизация министрлігі арасында онлайн-кездесу өтті.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Словакия арасындағы цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты дамыту болды. Тараптар IT саласындағы өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттарын, сондай-ақ екі елдің уәкілетті ведомстволары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар цифрлық даму және озық IT-шешімдерді енгізу жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілігін растады.