Словакия компанияларының KGIR-2025 іс-шарасына қатысуы туралы

Словакия компанияларының KGIR-2025 іс-шарасына қатысуы туралы

ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің шақыруымен словакиялық «Аспиро» және «Адриан Групп» компаниялары Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты (KGIR-2025, 2025 ж. 31 қазан, Астана қ.).

Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Инвестициялар комитетінің қолдауымен аталған компаниялар KGIR-2025 аясында мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік құрылымдардың және ұлттық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында «Аспиро» компаниясы су ресурстарын басқару, цифрландыру, энергетика және урбанистика салаларындағы бірлескен жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, компания «Астана даму орталығы» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды.

«Адриан Групп» компаниясымен өткен келіссөздерде Словакияның энергия үнемдеуші технологияларын Қазақстан аймақтарының отын-энергетикалық кешенінде және өнеркәсіптік құрылыста пайдалану мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, жаңа технологиялық әзірлемелер мен электр және жылыту жабдықтарын қолдану бағыттары талқыланды.

Словакиялық компаниялардың пікірінше KGIR-2025 мемлекет пен халықаралық бизнес-қоғамдастық арасындағы тиімді диалог алаңы ретінде танылды. Іс-шара қазақстандық кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатуға, бірлескен шешімдер мен перспективалы жобаларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның өңірлік өсу мен инновациялар хабына айналу жөніндегі ұмтылысын айқын көрсетеді.