Астанада Қазақстан мен Словакия арасындағы еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Астанада Қазақстан мен Словакия арасындағы еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Қазақстанның Словакиядағы Елшілігінің қолдауымен ү.ж. 30 қазанда Астанада «Job for People» компаниясының басшысы Г.Кайош және «ZG» компаниясының директоры П.Драхно бастаған словакиялық рекрутингтік компаниялармен кездесу өтті.

Келіссөздерге қазақстандық тараптан Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ директоры О.Омар және ҚР Жеке жұмыспен қамту агенттіктері (Job Prospects Agency) қауымдастығының президенті С.Садвақасова қатысты.

Кездесу барысында тараптар еңбек көші-қоны шеңберінде қазақстандық азаматтарды Словакияға ұйымдасқан түрде жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша словакиялық «Job for People» компаниясы мен ҚР Жеке жұмыспен қамту агенттіктері қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 200 еңбек мобильдігі орталығы қызмет атқарады. Еңбек мобильдігі орталықтарының негізгі міндеті – азаматтар мен жұмыс берушілерге жұмыспен қамту бойынша делдалдық көмек көрсету, жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүзеге асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету.