Қазақстан мен Словакия парламенттік дипломатия аясындағы диалогты нығайтуда

Қазақстан мен Словакия парламенттік дипломатия аясындағы диалогты нығайтуда

Братислава, 2025 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Ұлттық Кеңесінің депутаты Павол Гогамен кездесті.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Словакия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, парламенттік байланыстарды нығайтуға баса мән берді. Екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы сындарлы диалог саяси және экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға негіз болатыны атап өтілді.

Сондай-ақ көпжақты өзара іс-қимылдың жекелеген бағыттары қарастырылып, соның ішінде Еуропа Кеңесі мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы ынтымақтастыққа көңіл бөлінді. Әңгімелесушілер демократия, заң үстемдігі және адам құқықтарын қорғау сияқты ортақ құндылықтарды ілгерілетуде парламенттік дипломатияның маңызды рөлін ерекше атап көрсетті.