Қазақстан Елшісі Нитра қаласындағы Agrokomplex 2025 халықаралық көрмесіне қатысты

Қазақстан Елшісі Нитра қаласындағы Agrokomplex 2025 халықаралық көрмесіне қатысты

Нитра, 2025 жылғы 5 қыркүйек – Словак Республикасының Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту министрінің шақыруымен Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Братислава қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдерімен бірге 3-7 қыркүйек аралығында Нитра қаласында өткен «Agrokomplex 2025» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысты.

Іс-шара барысында Елші Словакияның агроөнеркәсіптік кешен, мал және өсімдік шаруашылығы, орман шаруашылығы, сондай-ақ заманауи агротехнологиялар саласындағы жетістіктерін ұсынған жетекші компаниялардың экспозицияларымен танысты.

«Agrokomplex» көрмесі – Словакиядағы ең ірі салалық алаң. 2025 жылы аталған іс-шара өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл оның аграрлық секторды дамытудағы және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін айқындайды. Бес онжылдық бойы көрме өндірушілерді, фермерлерді, іскер топтар мен бизнесті біріктіріп, тәжірибе алмасуға және өзара серіктестікті дамытуға ықпал етіп келеді.