Банска-Штявница, 2025 жылғы 30 тамыз – Словакия Аңшылар одағының төрағасы Тибор Лебоцкидің шақыруымен Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова 30-31 тамыз күндері Банска-Штявница маңындағы Әулие Антон ауылында өткен Әулие Губерт күндеріне арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.
Әулие Губерт – аңшылықтың қамқоршысы ретінде ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерді ғана емес, сонымен қатар табиғатқа деген құрмет пен жауапкершілікті дәріптейтін рухани-мәдени құндылықтардың символы саналады. Осыған орай аталған мереке Словакияда ерекше мәдени әрі рухани мәнге ие.
Іс-шара аясында Елші 2004-2014 жылдары Словак Республикасының Президенті болған, Қазақстанға екі мәрте ресми сапармен келген Иван Гашпаровичпен кездесті.