Қазақстан Елшісінің Банска-Быстрица қаласында өткен еске алу рәсіміне қатысуы туралы

Қазақстан Елшісінің Банска-Быстрица қаласында өткен еске алу рәсіміне қатысуы туралы

Банска-Быстрица, 2025 жылғы 29 тамыз – Словакия тарапының ресми шақыруы бойынша Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словакия ұлттық көтерілісінің 81-жылдығына арналған салтанатты еске алу іс-шараларына қатысты.

Рәсімге Словак Республикасының Президенті Петер Пеллегрини, Премьер-министр Роберт Фицо, Ұлттық Кеңестің Төрағасы Рихард Раши, мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, үкімет мүшелері, сондай-ақ Братислава қаласында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.