Братислава, 2025 жылғы 26 тамыз – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словакия ұлттық көтерілісінің 81 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты рәсім аясында Братиславада орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Іс-шараға Словакия Үкіметі мен Парламентінің мүшелері, Братислава аймақтық басқармасының басшылығы, дипломатиялық корпус өкілдері, қоғам және мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.
1944 жылғы көтеріліс Орталық Еуропадағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болып саналады және словак халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресінің символына айналды.