Братислава, 2025 жылғы 21 шілде – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова халықаралық консалтингтік компаниясының инфрақұрылым және даму қаржыландыру жөніндегі директоры Мирослав Кучермен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстандағы қалаларды цифрлық трансформациялау, су шаруашылығы және қалалық инфрақұрылымды кешенді жаңғырту салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.