Меню
Страницы

AI & Digital Bridge 2026

AI & Digital Bridge 2026

2026 жылғы 1–3 қазан аралығында елорда Орталық Еуразиядағы ең ірі технологиялық оқиға – AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумының алаңына айналады. Бұрын Digital Bridge атауымен белгілі болған форум жаңартылған форматта өткізіліп, Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған басымдықтарын айқын көрсетеді.

AI & Digital Bridge форумында жетекші технологиялық компаниялар, кәсіпкерлер, инвесторлар, зерттеушілер және мемлекеттік институттардың өкілдері бір алаңда бас қосып, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және инновациялық экономика болашағын талқылайды.

Форумның ресми бағдарламасындағы стратегиялық іс-шаралардың бірі – Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің отырысы. Жиында елдегі AI экожүйесін дамыту, жасанды интеллект саласындағы ұлттық саясатты іске асыру және жаңа цифрлық экономика үшін кадр даярлау мәселелері қарастырылады.

Форум бағдарламасының дәстүрлі әрі көпшілік асыға күтетін бөлімдерінің бірі – Astana Hub Battle халықаралық стартап-байқауы. Бұдан бөлек жасанды интеллект саласындағы жаңа есімдерді танытуға ықпал ететін ауқымды халықаралық жарыс өтеді. Жас IT-командалар үшін бұл идеяларын таныстырып, жобаларын дамытуға қолдау табудың маңызды алаңы болмақ.

Бүгінде AI & Digital Bridge аймақтың жетекші технологиялық оқиғаларының біріне айналды. Жеті жыл ішінде форумға 100 елден 127 мыңнан астам адам қатысып, 1500-ден астам спикер ой қозғап, 600-ден астам стартап жаһан назарына таныстырылды.

Социальные медиа
Embassy of Kazakhstan 🇰🇿 in the Slovak Republic
Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Slovak Republic
Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Slovak Republic
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің сайты