
БҰҰ-мен әріптестікте өтетін Өңірлік Экологиялық Саммит – 2026 (ӨЭС 2026) — Орталық Азия елдерін климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсеруге арналған өңірлік тәсілді айқындайтын, келісілген әрі іске асатын шешімдер мен тетіктерді бірлесе әзірлеу үшін біріктіретін платформа. Саммит күн тәртібіне табиғи деградацияның жаһандық символына айналған Арал теңізі трагедиясы, сондай-ақ Каспий теңізі деңгейінің тұрақты төмендеуі сияқты өңір үшін аса өзекті мәселелер енгізіледі.
Ерекше назар Орталық Азияның «жасыл» қаржыландыруға нақты қажеттіліктерін қалыптастыруға аударылады: бұл қаржы бейімделу шараларын қолдауға, төмен көміртекті технологияларды дамытуға және өңірдің экологиялық төзімділігін күшейтуге бағытталады. Саммит мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ғылым және бизнес қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, диалог пен өңірлік ынтымақ үшін ортақ алаң құрады. Ол басым экологиялық проблемалар жөніндегі хабардарлықты арттыруға, практикалық шешімдерді табуға және өңірдің орнықты дамуына бағытталған болашаққа арналған бірлескен іс-қимыл жоспарларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Саммиттің түпкі мақсаты – ортақ әрекетке арналған нақты бастамалар мен тетіктерді қалыптастыру, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының экология және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен декларациясын қабылдау және БҰҰ агенттіктерімен бірлескен 2026-2030 жылдарға арналған Орталық Азияның орнықты болашағына бағытталған Өңірлік іс-қимыл бағдарламасын бекіту; бұл бағдарлама Саммиттің тақырыптық бағыттары бойынша өңірлік бастамаларды, сондай-ақ жаңа экологиялық жобалар мен бастамаларды іске қосуды қамтиды.