Меню
Страницы

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІІІ съезі

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІІІ съезі

2025 жылдың 17-18 қыркүйекте Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің сегізінші жиналысы өтеді.

VIII Съездің пленарлық отырысы «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбына арналады.

Панельдік сессиялар «ХХІ ғасырда адамзатты ортақ мүддеге ұйыстырудағы діндердің рөлі», «Дін әлемнің орнықты дамуының факторы», «Цифрлық даму және жасанды интеллект дәуіріндегі рухани құндылықтар», «Сенім экстремизмге қарсы: діндердің бітімгершілік әлеуеті» тақырыптарындағы өзекті мәселелерді қамтиды.

VIII Съез аясында бірнеше өзге де отырыстар өткізілуі жоспарлануда. Мәселен, Съез серіктесі БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлесіп жаһандық өзекті тақырыпқа арналған – Діни объектілерді қорғау жөніндегі арнайы сессия өткізетін болады.

VIII Съез аясында Жас діни лидерлер форумы «Жастар бейбіт қатар өмір сүру үшін: болашақ жолындағы синергия» тақырыбымен кезекті екінші отырысының жұмысы де өтетін болады. 

VIII Съездің пленарлық, секциялық отырыстары және Съез аясында өткізілетін барлық іс-шаралардағы мәселелер тақырыбы бүгінде халықаралық қоғамдастық алдында тұрған іргелі мәселелерді шешу мен діни көшбасшылардың күш-жігерін біріктіру бағытын талқылауға арналады. Алдағы дінаралық форумның проблематикасы сындарлы және мазмұнды пікірталас құруға, жаңа идеяларды тұжырымдауға ықпал етеді. Оның нәтижелері әлемдік мәдениеттер мен діндердің жақындастыру үрдісіне игі ықпал етуге арналған.

Социальные медиа
Embassy of Kazakhstan 🇰🇿 in the Slovak Republic
Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Slovak Republic
Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Slovak Republic
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері