Меню

Страницы

Статья

Шетелде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

  • некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  • некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (салыстыру үшін);
  • неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

  • жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғаны туралы сот үкімінің негізінде жұбайлардың бірінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
  • жұбайын хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп тану не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімі (салыстыру үшін);
  • неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • жеке тұлғалармен бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң;
  • хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу екінші жұбайының көрсетілетін қызметті берушіден қамаудағы не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысынан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншыдан хабарлама алған күннен бастап 45 күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады;
  • құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
  • 40 еуро

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:00-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Червенёва 1323/14, 811 03 Братислава

Телефон арқылы хабарласыңыз: +421 220 778 007 және / немесе электрондық пошта: kazconsulbratislava@gmail.com

Дата публикации
27 декабря 2023
Дата обновления
14 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 апреля 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
18 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу
Ақпарат
14 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Социальные медиа

Embassy of Kazakhstan 🇰🇿 in the Slovak Republic
Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Slovak Republic
Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Slovak Republic

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы