
Бішкек, 2025 жылғы 19 мамыр
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі Е.Е.Сагитов Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық қызметінің төрағасы А.Н.Шыкмаматовпен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында екі елдің салық органдары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, ақпарат алмасуды күшейту, салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыру және мемлекеттік шекараны кесіп өтуге байланысты рәсімдерді цифрландырумәселелеріне баса назар аударылды.
Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі – шекаралық өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесін енгізу жөніндегі қазақстандық тараптың бастамасы болды. Қырғыз тарапы «Айшаби-Би» өткізу пунктінде пилоттық жобаны іске асыру туралы ұсынысты қолдады. Жоба аясында жүргізушілер мен тасымалдаушылар үшін шекарадан өту уақытын алдын ала онлайн брондау, қатысушыларды тіркеу және хабардар ету, сондай-ақ ҚМ МКК мен Қырғыз Республикасының салық органдарының ақпараттық жүйелерімен деректер алмасуды интеграциялау көзделген.
Қырғыз тарапы мұндай жүйелер Ресей Федерациясымен шекаралас өткізу пункттерінде сәтті іске асырылған Қазақстан тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді. Осыған байланысты техникалық шешімдер мен құқықтық база жөнінде консультациялар өткізу жоспарлануда.
Кездесу сындарлы және іскерлік ахуалда өтті. Тараптар шекаралық инфрақұрылымның тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды одан әрі дамытуға өзара ниеттілікті растады.