Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігі 2025 жылғы 17 мамырда Бішкек қаласында өткен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық жәрмеңкеге қатысты.

Іс-шараны Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Бішкек қаласының мэриясы бірлесе ұйымдастырды. Жәрмеңке ел астанасының орталығындағы «Құрманжан Датка» ескерткішінің алдында орналасқан аллеяда өтті.

Жәрмеңкеге түрлі мемлекеттердің елшіліктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты, соның ішінде Германия, Үндістан, Иран, Катар, Қытай, Моңғолия, ЕҚЫҰ, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдері.

Қонақтар назарына әр елдің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдары ұсынылып, жиналған қаражат қайырымдылық мақсаттарға бағытталды. Қазақстан павильонында отандық өнімдер, ұлттық кәдесыйлар, сондай-ақ қазақ асханасының тағамдары ұсынылды. Киіз және керамика бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

Ұлттық тағамдарды Елшілік қызметкерлерінің жұбайлары әзірледі. Қазақ дастарханына деген қызығушылық пен бағалау жәрмеңке қонақтары тарапынан жоғары болды.

Іс-шара аясында Қырғыз Республикасының Білім министрлігі ұйымдастырған концерт өтті. Онда дипломатиялық корпус өкілдері мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалының студенттері қазақ биін орындап, ұлттық күйлер шырқалды.

Мұндай қайырымдылық бастамалар халықтар арасындағы достықты нығайтып, мәдени алмасуға, дәстүрлермен танысуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді.