Қазақстан Елшілігі Бішкекте Талғат Бегелдиновты еске алды

Қазақстан Елшілігі Бішкекте Талғат Бегелдиновты еске алды

2025 жылғы 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Бішкек қаласында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтың ескерткішіне Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігі атынан гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери атташесінің аппараты, Елшілік қызметкерлері және Қырғызстандағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Қатысушылар батыр жерлесіміздің рухына тағзым етіп, отан үшін жанын пида еткен жауынгерлерге құрмет көрсетті. Ұлы Жеңіске үлес қосқан буынның ерлігін есте сақтау – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мен рухани құндылықтарды нығайтудың маңызды тетігі екені атап өтілді.