2025 жылдың 24-25 сәуірі күндері Бішкек қаласында «Тұрақты даму жолындағы жаһандық тау-кен диалогы: Бішкек +25 Саммитіне қарай» атты халықаралық конференция өтуде. Аталған іс-шараға ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Құрмалаев қатысуда.
Бұл шара Азия, Еуропа, Америка, Африка және Аустралия елдерін біріктіруге бағытталған, өйткені бұл елдер бір-бірінен алшақ орналасқанына қарамастан, мұздықтардың еруі, биологиялық әртүрліліктің жойылуы, тау экожүйелерінің тозуы сияқты ұқсас мәселелермен бетпе-бет келіп отыр.
Конференцияның ашылуында Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаров сөз сөйледі. Жалпы іс-шараға 50 ел мен 25 халықаралық ұйымның өкілдері қатысуда.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Құрмалаев тау аймақтарындағы биологиялық әртүрлілікті сақтау маңыздылығын және тұрақты даму бағытында аймақ елдері арасындағы диалогты жалғастырудың өзектілігін атап өтті.
Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Қазақстан 2026 жылы өтетін Өңірлік климаттық саммитке белсенді дайындалып жатқанын хабарлады. Бұл тау мәселелерімен байланысты ғылыми ынтымақтастық, климаттық деректермен алмасу және тау экожүйелеріне бейімделуге арналған бірлескен шешімдер әзірлеу тұрғысынан синергияға жол ашады.