Қазақстан Республикасының Ош қаласындағы Бас консулдығының және Ош мемлекеттік университетіндегі «Қазақ тілі мен мәдениетіорталығының» ұйымдастыруымен 2025 жылғы 16 сәуірде Ош қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты халықаралық поэзия конкурсыөткізілді.
Конкурсқа Ош мемлекеттік университетінің филология факультетінің және аталған оқу орны мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті арасындағы қос диплом бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.
Поэзия конкурсында талапкерлер ұлы Абайдың, Мағжан Жұмабаевтың, Мұқағали Мақатаевтың, сондай-ақ қазіргі заманғы қырғыз ақындарыЗайырбек Ажыматовтың және басқа да сөз зергерлерінің қазақ тіліне аударылған шығармаларын жатқа оқыды.
ОшМУ оқытушы-профессорлық құрамы және ҚР Бас консулдығының қызметкерлері енген Қазылар алақасы қатысушыларды мәнерлеп оқу, көркемдік, сондай-ақ, дикция талаптары бойынша бағалады.
Жергілікті зиялы қауым өкілдері жыл сайын дәстүрлі негізде өткізіліп келе жатқан поэзия конкурсын бауырлас екі елдің мәдени-гуманитарлық, әдеби-шығармашылық байланыстарын арттыруға елеулі үлес қосатын маңызды шара ретінде атап өтті.
Конкурс жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.
ҚР Ош қаласындағы Бас консулдығы