Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Нургожоевич Жапаровтың Халықаралық Жеркүніне орай жариялаған «Жашыл мурас» ұлттық бастамасын үлес қосу шеңберіндеҚазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігі ағаш отырғызу бойыншаэкологиялық акция өткізді.
Іс-шараға Елшілік қызметкерлері отбасыларымен, сондай-ақ Қазақстан РеспубликасыныңҚырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев қатысты.
Экологиялық акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарынаудару, тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстанарасындағы экологиялық ынтымақтастықты нығайту болды.
Іс-шара достық пен өзара түсіністік рухында өтіп, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағыжылы әрі бауырластық қарым-қатынастардың тағы бір айқын дәлелі болды.