Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Даңқ аллеясы» капсуласын салтанатты түрде салу рәсімі өтті.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Даңқ аллеясы» капсуласын салтанатты түрде салу рәсімі өтті.

2025 жылғы 10 сәуір күні Бішкек қаласының Свердлов ауданына қарасты №33 жалпы білім беретін мектепте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Даңқ аллеясы» капсуласын салтанатты түрде салу рәсімі өтті.

Қазіргі №33 мектеп ғимаратында Ұлы Отан соғысы жылдарында Фрунзе жаяу әскер училищесі орналасқан. Аталған оқу орнындаСамибек Абазович Игембердиев, Василий Петрович Петрищев, Сергей Михайлович Извеков, Анатолий Васильевич Писаренко, КемелТоқайұлы Тоқаев, Рахымжан Қошқарбаев және басқа да Ұлы Отан соғысының батырлары дәріс алған.

Іс-шара шеңберінде мектеп қабырғасында тәрбиеленген Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгерлерінің құрметіне қарағай ағаштары отырғызылып, мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаөтті.

Іс-шараға Бішкек қаласы мэриясының Свердлов әкімшілік ауданы бойынша муниципалдық әкімшілік басшысының орынбасары Арстамбекова А.Ж., Бішкек қаласы Білім беру департаментінің директоры Мусаева Р.И., Свердлов ауданы білім басқармасының басшысы Абдыкапарова Ж.Ж., Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің өкілдері, іс-шара бастамашысы, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері және жазушысы Айжігітов Б., сонымен қатар Қырғыз Республикасының Соғыс ардагерлері республикалық кеңесінің төрағасы Какчеев Т.К., Бішкек қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейшеев М.Н., соғыс ардагерлері, мұғалімдер және мектеп оқушылары қатысты.