Қазақстандағы COVID-19 жөніндегі ахуал бақылауда

Қазақстандағы COVID-19 жөніндегі ахуал бақылауда

Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай бақылауда, ел Үкіметі індетке қарсы күрес бойынша барлық қажетті шараларды уақытылы қабылдап жатыр.

Біріншіден, кейбір шетелдік БАҚ (The New York Times, The Telegraph, Express, France24 және т.б.) Қазақстан COVID-19 індетінің таралуы жағынан ең жылдам қарқындағы елдердің тізіміне енгені туралы ақпарат жариялауда.

Сонымен қатар, жарияланымдарда Қазақстанда қатал локдаунның қайта енгізілгені туралы қате жазылуда, алдайда елде тек қатаң карантин шаралары небәрі 2 аптаға енгізілді.

Осындай хабарламалар Қазақстандағы жағдайды белгілі бір тұрғыдан түсінбестікке және БАҚ-та Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық қатерлерді асыра бағалауға әкелді.

Екіншіден, ағымдағы жылдың шілде айының басынан бастап Қазақстанда COVID-19 індетінің симптомсыз нысандары аурудың жалпы статистикасына қосылды, осының салдарынан инфекцияның өсу қарқыны да айтарлықтай ұлғайды.

Аурудың екі түрі де басқаларға әлеуетті қауіп төндіретіні белгілі. Бұған дейін бөлек Есеп жүргізілген болатын. Әлбетте, бұл тәсілді жою әлемдік статистикаға бұрын есепке алынбаған барлық жағдайлардың енгізілуіне алып келді.

Осының нәтижесінде цифрларды бұрламап түсіндіру туындады.

Үшіншіден, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 ауруының 48 874 жағдайы тіркелген, оның ішінде 25 021 адамның ауру белгілері бар, 23 553 адамда ауру белгілері жоқ, тәулік ішінде 1 403 адам, өсім 3,0% – ды құрады.

24 990 науқас аурудан емделіп шықты (51,1%, яғни жартысынан астамы сауығып шыққан). Емдеуді жалғастырып жатырғандар – 23 324 науқас. Қайтыс болғандар саны - 260.

Қазақстанда маусым айында вирустың репродукция деңгейінің көрсеткіші 1,3-ті құрады. Бұл көрсеткіштің серпіні соңғы аптада 1,05-ке дейін төмендегені байқалады.

Мәселен, әлемде барлығы ауру жұқтырған 11,5 млн. адам тіркелген. Қайтыс болғандар  536 мың (4,6%). Ауырған адамдар АҚШ-та 2,9 млн.адамды, Ресейде 681,2 мың адамды, Қазақстанда 48,8 мың адамды құрайды. Қайтыс болғандар АҚШ-та 4,4% - ды, Ресейде 1,5% - ды, Қазақстанда 0,5% - ды құрайды. Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, Қазақстан COVID-19 жұқтыру деңгейі бойынша 35-ші орында.

Төртіншіден, Қазақстан халықты жаппай тестілеуді дәйекті түрде жүргізіп келеді. COVID-19 бойынша – 1 631 817 (100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш – 8746) адамға зертханалық зерттеулер жүргізілген,  оның ішінде: 48 874 оң, 1 582 943 теріс. Тәулік ішінде 13 830 тест жүргізіліп, олардың 1 403 – оң болып нәтиже көрсеткен. Қазақстан халықты тестілеумен қамту бойынша әлемде 19-орында.

Халықаралық worldmeters.info дереккөзінің мәліметтері бойынша Қазақстан 1 миллион тұрғынға шаққанда 54-ші орында, қайтыс болғандар саны бойынша 113-ші орында тұр. Осы көрсеткіштердің айырмашылығы елде қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін растайды.

Осылайша, халықаралық статистика Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың даму серпіні қалыпты түрде екенін көрсетеді.

Анықтамалық ақпарат

Қазақстанда карантин ү. ж. 5-19 шілде аралығында жалғасады.

Шектеу шаралары аясында жаппай, сондай-ақ отбасылық және қайтыс болғандарды еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, сұлулық салондарының, шаштараздардың, спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, жабық базарлардың, жағажайлардың, аквапарктердің, мәдениет объектілерінің, ойын-сауық орталықтарының, діни объектілердің, кинотеатрлардың, балабақшалардың, балалардың сауықтыру лагерлерінің және басқа да мекемелердің қызметі тоқтатылады.

Мемлекеттік мекемелер, офистер, ұлттық компаниялар және өзге де ұйымдар қызметкерлерінің кемінде 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны бұрынғысынша күшінде қалады.

Сондай-ақ, азаматтардың қозғалысын шектеу туралы шешім қабылданды, яғни үш адамнан аспайтын топтың серуенге шығуына рұқсат етіледі.

Осы кезеңде медициналық орталықтар, дәріханалар, азық-түлік дүкендері, ашық базарлар жұмыс істейтін болады. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауада қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, үздіксіз өндірістік циклі бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысын жалғастырады, ашық жерлерде ауыл шаруашылығы және құрылыс жұмыстары жалғасады. Бұдан басқа, бұрынғысынша халыққа көрсетілетін, атап айтқанда, автомобильдер мен тұрмыстық техниканы жөндеу қызметтері іске асырылатын болады.

Карантин кезінде халықаралық әуе қатынасы бұрын белгіленген елдер тізімі одан әрі ұлғайтылмаған күйде, жалғасатын болады. Бұл ретте ел ішіндегі авиақатынас пен пойыздардың қозғалысы шектеледі. Карантин кезеңінде қалааралық автобус қатынасы тоқтатылады және қалалардағы қоғамдық көліктің жұмысы шектеледі.