Соғыс батырлары: Бішкек мектеп-гимназиясының бірінде патриоттық бұрыш ашылды

Соғыс батырлары: Бішкек мектеп-гимназиясының бірінде патриоттық бұрыш ашылды

10 мамыр Бішкек қ. – Ұлы Отан соғысы жеңісінің 79 жылдығына орай № 33 мектеп-гимназиясында Берлиндегі Рейхстах ғимаратында Қызыл ту орнатқан Қазақстанның Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев пен Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы, қазақ өткір сюжетті детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевқа арналған патриоттық бұрыштың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Елордалық № 33 мектеп-гимназиясының ғимараты 1940 жылы көтерілген Бішкектегі ең көне оқу орындарының бірі. Оның қабырғасында соғыс жылдарында Фрунзе әскери жаяу әскер училищесі орналасқан және оның түлектерінің қатарында қазақтың көрнекті тұлғалары Рахымжан Қошқарбаев пен Кемел Тоқаевта болған.

Іс-шара аясында белгілі қоғам қайраткері, кемелтанушы, жазушы Бақтығали Айжігітов жинаған Кемел Тоқаевтың мақалалары мен әңгімелерінің тұсаукесері және Қазақстаннан әкелінген қосі батыр туралы ақпаратты қамтитын мұрағаттық құжаттар мен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан мен Қырғызстанның қоғам және мәдениет қайраткерлері ұйымдастырған іс-шараға шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, екі елдің жұртшылығы, Бішкек қаласының білім басқармасының қызметкерлері, қазақстандық дипломаттар, қазақ диаспорасының мүшелері және жастар өкілдері қатысты.