2024 жылғы 8 мамырда- Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінен аты аңызға айналған ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараға дипломатиялық өкілдік жанындағы ҚР ҚМ-нің әскери атташесінің аппараты, елшілік қызметкерлері, қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ Бішкек қаласының балабақша түлектері мен оқушылар қатысты.
Іс-шараға қатысушылар өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерліктерін есте сақтаудың маңыздылығын атап өтті.