Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының Бірінші орынбасары Адылбек Касымалиевпен кездесті.

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының Бірінші орынбасары Адылбек Касымалиевпен кездесті.

Бішкек қ., 2024 жылғы 12 наурыз - Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының Бірінші орынбасары Адылбек Касымалиевпен кездесті.

Кездесу барысында алдағы ең жоғары және жоғары деңгейлерде іс-шараларды ұйымдастыру және дайындау, сондай-ақ сауда-логистикалық, өнеркәсіптік, экономикалық, жол, шекара маңы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.

Сонымен қатар, қазақ-қырғыз екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзекті және ағымдағы мәселелердің кең ауқымы қаралып, талқыланды.

Кездесу нәтижесінде тараптар өзара мүдделілік білдіретін барлық салаларда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және ілгерілетуге өзара дайын екендіктерін білдірді.