Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Р. С. Жошыбаев Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш Халықаралық істер, қорғаныс және көші-қон комитетінің төрағасы Ө. Б. Примовпен кездесті

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Р. С. Жошыбаев Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш Халықаралық істер, қорғаныс және көші-қон комитетінің төрағасы Ө. Б. Примовпен кездесті

2023 жылғы 15 наурызда Бішкек қ. – Қазақ-қырғыз екіжақты ынтымақтастығын одан әрі дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.С. Жошыбаевтың Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш Халықаралық істер, қорғаныс және көші-қон комитетінің төрағасы У.Б. Примовпен жұмыс кездесуі өтті.

Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың барлық аспектілері бойынша серпінді және үдемелі дамуды қанағаттанушылықпен атап өтті.

Тараптар қазақ-қырғыз ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде шетелдік азаматтардың Қазақстанда болуының көші-қон ережелерінің өзгеруі жағдайында Қырғызстан азаматтарының болу мәселесін талқылады.

Р. Жошыбаев Төрағаға көші-қон заңнамасына өзгерістер ұлттық қазақстандық заңнаманы үйлестіру мақсатында қабылданғанын және шетелдіктер үшін шектеуші емес екенін хабарлады.

Кездесу барысында тараптар аталған мәселені Қазақстан мен Қырғызстанның уәкілетті мемлекеттік органдары деңгейінде одан әрі пысықтау қажеттігі туралы өзара түсіністікке келді.