И. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының гастрольдері өтті

И. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының гастрольдері өтті

7-9 қазан аралығында Бішкекте қазақ-қырғыз мәдени ынтымақтастығын дамыту аясында И. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының гастрольдері өтті.

 «Сұлтанның ата – Сұлтан», «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» және «Алжир»  спектакльдерін Т. Абдумомунов атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық драма театрының сахнасында көрсетті.

  Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі Асхат Сыздықов өзінің құттықтау сөзінде гастрольдерді ұйымдастырғаны үшін И. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының ұжымына және Қырғыз Ұлттық академиялық драма театрының басшылығына алғысын білдірді.

  Сонымен қатар, А. Сыздықов екі елдің мәдени ынтымақтастығын одан әрі дамыту мен тереңдетудің маңыздылығына назар аударып, ағымдағы жылдың 26-29 қазан аралығында Астанада Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің өткізілуін атап өтті.

Гастрольдің шарықтау шегі режиссер Баатырбек Шамбетовтың «Алжир» қойылымы болды, ол өткен ғасырдың 30 – жылдарындағы қайғылы оқиғалар, сталиндік режим қуғын-сүргінге ұшыраған отбасы мүшелерінің тағдыры туралы баяндайды.

                                                                           ***

Отан сатқындар әйелдерінің Ақмола лагері (А.Л. Ж. И. Р.) — Қазақстан, Ақмола облысындағы Қарағанды ИТЛ-ның 17-ші әйелдер арнайы лагерінің ауызекі атауы (1938-1953).

Ең үлкен кеңестік әйелдер лагері, «ГУЛАГ архипелагының» үш «аралының» бірі. Бұл атау тұтқындардың құрамымен байланысты, олардың едәуір бөлігі КСРО НКВД № 00486 жедел бұйрығына сәйкес «Отан сатқындарының отбасы мүшелері» ретінде қуғын — сүргінге ұшырады. Лагерь бөлімшесінің тағы бір ауызекі атауы – «26-шы нүкте» болды, өйткені лагерь Қазақстанның Ақмола облысының 26-шы еңбек қоныстану кентінде (қазіргі Ақмол (бұрынғы Малиновка) ауылы) орналасқан. 1938 жылы лагерьде 8 мыңға жуық тұтқын әйел болды, оның ішінде 4500 ЧСИР (Отанға опасыздық жасаушының отбасы мүшесі) болды.