Халықтар достығы аллеясында "жасыл" акция Қазақстан мен Қырғызстан

Халықтар достығы аллеясында "жасыл" акция  Қазақстан мен Қырғызстан
🇰🇬🇰🇿 2022 жылғы 26 наурызда Бішкек қаласындағы "Ынтымақ - 2" саябағында Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының достығы аллеясында Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен көгалдандыру және ағаш отырғызу сенбілігі өтті.
🇰🇬🇰🇿 Жасыл "акцияға" Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев, Бішкек қаласының мэрі Эмилбек Әбдіқадыров, Қырғызстан қазақтары қауымдастығының төрағасы Гүлшат Асылбаева, қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері, қазақ диаспорасының өкілдері, тиісті муниципалдық органдардың қызметкерлері қатысты.
🇰🇬🇰🇿 Өз сөзінде Р.Жошыбаев барлық қатысушыларды халықаралық көктем және жаңару мерекесі – Наурыз мерекесімен құттықтап, елорда мэриясының басшысы мен Қырғызстан қазақтарының Асссоциациясының басшысына осы бастаманы ұйымдастыруға қолдау көрсеткені, белсенді қатысқаны және жақсы ниеті үшін алғыс білдірді. Қабылданған шешімге сәйкес елшілік ағаштарды атаулы отырғызу арқылы бәріміз үшін ортақ жарқын көктем мерекесі - Наурызды атап өтті, оның мұраттары екі бауырлас халықтың көпғасырлық достығын білдіреді.
🇰🇬🇰🇿 Сондай-ақ, қазақстандық дипломат Достық аллеясына отырғызылған ағаштар (үйеңкі, жөке, мойыл көшеттері) күншығыс Бішкектің микроклиматын жақсартып, ұзақ жылдар бойы келушілерді, қала тұрғындарын қуантатынын атап өтті. Өткізілген сенбілік Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаров жариялаған "Жашыл Мурас" экологиялық компаниясы акцияларының бірі болды.
🇰🇬🇰🇿 Өз кезегінде, Бішкек мэрі Э.Әбдіқадыров Қазақстан Елшісі мен елшілік ұжымына қаланың іс-шараларына белсенді қатысқаны және Қырғыз астанасын көгалдандыруға қосқан маңызды үлесі үшін алғыс айтып, Қырғызстан басшысының экологиялық бастамаларын қолдайтын мұндай іс-шаралар Бішкек тұрғындары мен қонақтарының игі дәстүріне айналатынына сенім білдірді.