Бішкекте Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына және Ишеналы Арабаевтың 140 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Бішкекте Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына және Ишеналы Арабаевтың 140 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
🇰🇿🇰🇬
Бішкек, 2022 жылғы 18 наурыздағы - Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде Қазақстан мен Қырғызстанның көрнекті ғалымдары мен қоғамдық-саяси қайраткерлерінің қатысуымен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына және Ишеналы Арабаевтың 140 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
🇰🇿🇰🇬 Іс-шараға Түркі академиясының президенті Дархан Қадырәлі, Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі Рәпіл Жошыбаев, ҚМУ ректоры Толобек Әбдірахманов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиев, Қырғыз КСР Жоғарғы Кеңесінің Экс-төрағасы Медетхан Шерімқұлов, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Мамытжанов, Қырғызстанның Жогорку Кенештің экс-спикері Зайнидин Құрманов және басқалары қатысты.
🇰🇿🇰🇬 Түркі академиясының Президенті өз сөзінде: «Биыл Қазақстанның ұсынысы бойынша ЮНЕСКО-ның халықаралық атаулы күндер күнтізбесі бекітілді, оған лингвист және әдебиетші Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы енді. Осылайша Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы әлемдік деңгейде аталып өтуде» - атап өтті.
«Қазақ және қырғыз халықтарының ең жарқын екі ұлы Ахмет Байтырсынов пен Ишеналы Арабаевты берік достық пен ортақ жасампаз мақсат байланыстырды.
1924 жылы Орынборда қазақ-қырғыз ғалымдарының бірінші съезі өтті. «Алаш» саяси партиясы құрылғаннан кейін Ишеналы Арабаев осы партияның қырғыз филиалын ашты, саяси тұрғыда ынтымақтасып, халықтарымыздың бостандығы мен мемлекеттілігі үшін бірге күресті. Сондықтан да Ишеналы Арабаевтың 140 жылдығы Түркі академиясының басымдығы ретінде белгіленіп, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығымен бірге қос мерейтой өткізу туралы шешім қабылданды», - деп атап өтті Дархан Қадырәлі.
🇰🇿🇰🇬 Ахмет Байтұрсынов пен Ишеналы Арабаевтың өмір жолы мен кәсіби жолы туралы белгілі қазақ тарихшы – ғалымдары Мәмбет Қойгелдиев және Кенжехан Мамытжанов баяндама жасады. Баяндамашылар Ахмет Байтұрсынов пен Ишеналы Арабаевтың екі елдің заманауи педагогикалық және лингвистикалық мектебін құрудағы, жастардың жаңа ұрпақтарын патриоттық көзқарастарды қалыптастыру және өз халқы мен елінің ұлттық мүдделерін қорғау рухында тәрбиелеудің идеологиялық негізін құрудағы тарихи миссиясын атап өтті.
🇰🇿🇰🇬 Конференция барысында түркі лингвистикасының өзекті мәселелері, тарих және ынтымақтастықтың алдағы жоспарлары туралы жан-жақты пікір алмасылып, Т.Әбдірахманов «Эки доор инсаны Эшеналы Арабаев»,
М. Әуезов «Манас» және Түркі академиясының қолдауымен екі елдің ғалымдары дайындаған және басып шығарған «Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі» атты еңбектерінің тұсаукесері өтті.