Бішкекте Қазақстанның Қырғызстандағы мәдениет күндері өтті

Бішкекте  Қазақстанның Қырғызстандағы мәдениет күндері өтті

           7-8 қазан аралығында Бішкекте Қазақстанның мәдениет күндері өтіп, оған 350-ден астам танымал қазақ әртістері, шығармашылық интеллигенция өкілдері және Қазақстанның 10-нан астам жетекші шығармашылық ұжымдары қатысты.

          7 қазанда Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қырғызстанның Мәдениет министрі Қайрат Иманәлиевтің қатысуымен «Манас» кинотеатрында Қазақ киносы күндерінің ашылу рәсімі өтті.

           Көрермендер алдында құрметті қонақтар ретінде Қазақстанның және КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов және «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің режиссері Рүстем Әбдірашев, сондай-ақ актриса Мәдина Есманова өнер көрсетті.

         Үш күн бойы қырғыз астанасының кинотеатрларында көрермендерге қазақ кинорежиссерлерінің «Жаужүрек Мың бала», «Анаға апарар жол», «Мәз балақ», «Қазақ хандығы. Алтын тақ», «Күлтегін», «Алмас қылыш» және «Томирис» сияқты танымал фильмдері көрсетілді.

         Сол күні кешке Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Ұлттық филармонияда танымал әртістер мен би ұжымдарының қатысуымен қазақ эстрадасының тарихындағы алғашқы Гала-концерті өтті, оған Президент Садыр Жапаров, сондай-ақ Қырғызстанның белгілі мемлекет және мәдениет қайраткерлері қатысты.

          Гала-концерт бағдарламасында қазақ эстрадасының мэтрлері және танымал орындаушылар: КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртістері Нұржамал Үсенбаева мен Мақпал Жүнісова, Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақан Әбдуәлиев, Майра Мұхамедқызы, Берік Айтжанов, Әділ Ахметов, Арман Жүдебаев, Нүркен Әшіров, Айгүл Қосанова, Гүлмира Сарина, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева және басқалары өнер көрсетті.

          Оған Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық академиялық халық аспаптар оркестрі сүйемелдеу жасап, «Астана балет» труппасы, «Арлан» ұлттық дәстүрлер театры және «МузАрт» тобы қатысты.     

         Іс-шараға қазақ әртістері шығармашылығының көптеген жанкүйерлері, соның ішінде Қырғызстанның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Тілектеш Ишемқұлов та қатысты, ол: «Қазақстанның мәдениет күндері біз үшін нағыз мерекеге айналды. Қырғызстанда ұзақ жылдар ішінде алғаш рет Қазақстанның ағалары ұйымдастырған осындай ауқымды мәдени шаралар өз мәресінде өтті. Қазақстан Республикасына зор алғысымызды білдіреміз, бұл біздің көпғасырлық достығымызды одан әрі нығайтатынына сенімдімін».

           8 қазан күні Ғапар Айтиев атындағы Ұлттық өнер мұражайында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы мен Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайының коллекциялық көрмесінің ашылуы өтті.

         Көрмеге қазақ суретшілері Т.Әбуов, У. Әжиев, С. Айтбаев, А. Ғалымбаева, Ғ. Баянов, А. Исмаилов және т. б. бірегей туындылар қойылды.

         Алматыдан 53,5 шақырым жерде 1969-1970 жылдары жасалған бірегей археологиялық олжа болып табылатын «Алтын адам» экспозициясы келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды

         Белгілі өнертанушы Чолпон Тентиева атап өткендей: «Мәдениет пен өнер арқылы ортақ тамырдың тереңдігін тағы бір рет көруге, бірлескен жобаларды дамытудың негізі ретінде, жаңа әлемдегі орынды бірлесіп түсіну үшін кең өрісті сезінуге болады».

          Мәдениет күндерінің соңғы іс-шарасы Әбділас Малдыбаев атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрының сахнасында өткен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұжымының орындауындағы «Абай» операсы болды (А.Жұбанов, Л. Хамиди)

         Қазақстанның Қырғызстандағы мәдениет күндері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың 2020-2022 жылдарға арналған Кешенді бағдарламасын» іске асыру шеңберіндегі тапсырмаларына сәйкес өткізілгенін атап өткен жөн.