"Отандастар қорының" Президенті Нұртай Нұртайұлы Әбіқаев Қырғызстандағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті

"Отандастар қорының" Президенті Нұртай Нұртайұлы Әбіқаев Қырғызстандағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті

          7 қазанда Бішкекте Алықұл Осмонов атындағы Ұлттық кітапханада орналасқан Абай Құнанбаев атындағы Қазақ-қырғыз мәдени орталығында «Отандастар қорының» президенті Нұртай Нұртайұлы Әбіқаевтың Қырғызстандағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге құрметті қонақтар ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Жарылқасынұлы мен Мақпал Тәжмағамбетова қатысты.

          Іс-шара қарсаңында кездесуге қатысушылар Қазақстанның Бішкектегі Елшілігі ұйымдастырған Қырғызстандағы қазақ инвесторларының қолдауымен ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы фотокөрмеге қатысты. Қонақтар Қазақстанның жаңа тарихының айтулы саяси және мәдени оқиғаларын жазып алған қазақ және қырғыз авторларының еңбектерімен танысты.

          Осы кездесу барысында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар қорының» бастамасы бойынша «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтті.

          «Отандастар қорының» Вице-президенті Мағауия Сарбасов атап өткендей: «Бүгінгі кездесуде Қырғызстанда тұратын отандастарымыздың өзекті мәселелері мен проблемалары талқыланды. Бұл үшін біздің диалогқа қатысушылар құрамына Қазақстан мен Қырғызстан Парламентінің депутаттары, жоғары лауазымды шенеуніктер, бизнесмендер мен көрнекті қоғам қайраткерлері енгізілген».

          «Біздің міндетіміз шетелдегі этникалық қазақтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Біздің кездесуіміз Қазақстанның Қырғызстандағы мәдениет күндерінің ашылу күнінде өтуінің ерекше символдық мәні бар», - деп атап өтті «Отандастар қоры» Вице-президенті.

          Диалог жылы және достық атмосферада өтті, оның қорытындысы бойынша қонақтар іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Қырғызстандағы қазақтар қауымдастығына» алғыс білдірді.