Бішкектегі Қазақстан Елшілігінде "Қазақстан достары клубының" отырысы өтті

Бішкектегі Қазақстан Елшілігінде "Қазақстан достары клубының" отырысы өтті

5 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаевтың төрағалығымен Қырғызстан халықтары Ассамблеясы кеңесінің Төрағасы А. Эркебаев, Қырғыз КСР Жоғарғы Кеңесінің экс-төрағасы М. Шерімқұлов, экс-мемлекеттік хатшысы О. Ибраимов, экс-сыртқы істер министрі М. Иманалиев, Қырғызстанның Қазақстандағы экс-елшісі Т. Ишемқұлов, саяси ғылымдарының докторы Ж. Жоробеков, Қырғызстан Жазушылар одағының Төрағасы Н.Қалыбеков және басқалар қатысты.

  Қазақстан Елшісі өз сөзінде «қазақ-қырғыз достығы - бұл өзара саяси және экономикалық мүдделерден артық, бұл – бізді ежелден байланыстыратын ортақ тағдыр» деп ерекше атап өтті.

  «Біз дана ата-бабаларымыз арқау еткен екі жақын халықтың бауырластық дәстүрлері бүгінгі күні де арта түскенін мақтанышпен айта аламыз.

  Біріншіден, барлық деңгейлерде орнықты және жан-жақты саяси диалог орнады.

  Айта кету керек, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрқашан Қазақстанды Қырғызстанмен тығыз жақындастыру бағытын ұстанған.

  Сонымен қатар, 2019 жылғы 27 қарашада өткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапары екіжақты қазақ-қырғыз қатынастарын жаңа жағдайда одан әрі дамыту үшін берік негіз қалады», - деп атап өтті Р.Жошыбаев.

  Кездесу барысында іс-шара қонақтары екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру және дамыту қажеттілігі туралы пікір алмасты, сондай – ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-елдің өркендеуінің берік негізі» Жолдауында айтылған бастамаларын жоғары бағалады.

  Кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы экономикалық, шекара маңы және мәдени-гуманитарлық салалардағы жақындасу бойынша сындарлы ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, COVID-19 ауруының деңгейі төмендегеннен кейін, оны Қырғызстан азаматтарының еркін кесіп өтуі үшін Қазақ-Қырғыз мемлекеттік шекарасындағы шектеулерді алып тастағаннан; жаңа қазақ-қырғыз инвестициялық жобаларын іске асырғаннан; екі елдің шығармашылық зиялы қауым форумдары мен жазушылар съездерін ұйымдастырғаннан; ортақ ежелгі көшпелі мұраға терең тарихи зерттеулер жүргізгеннен кейін маңыздылығы атап өтілді.     

  Отырыс қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар сындарлы диалог пен достық қарым-қатынасты ұйымдастырғаны үшін Бішкектегі Қазақстан елшілігіне алғыс айтып, осындай іс-шаралардың тұрақты түрде өткізілетініне сенім білдірді.